Accessibility links

Ауғанстанда шетелдің бірнеше сарбазы қайтыс болды


Ауғанстанда сәрсенбі күні халықаралық коалицияның бес жауынгері қаза болғандығы хабарланды. Екі американдық сарбаз Ауғанстанның шығысында тіркелген жарылыстан қаза тапты, тағы бір АҚШ сарбазы елдің шығыс аймағындағы ұрыс барысында көз жұмды. Төртінші американдық Ауғанстанның оңтүстігінде минаға жарылып өлген. Ал елдің солтүстігінде тіркелген жарылыстан француз сарбазы қайтыс болды.

Бұдан бөлек жарылғышты залалсыздандыратын төрт ауған инженерінің қаза тапқандығы туралы хабарланды, олардың Хост провинциясында табылған жарылғышты істен шығару әрекеті сәтсіз аяқталған.
XS
SM
MD
LG