Accessibility links

Қытай интернетті бақылауда ұстау керек деп есептейді


Қытай билігі интернетті бақылауда ұстағанды дұрыс деп есептейтіндігін ресми түрде мәлімдеді.

Осының алдында ғана интернет-сервисінің ірі провайдері Google компаниясы Қытайдағы жұмысын тоқтатуы мүмкін екендігін жариялаған болатын. Компания өзінің мұндай қадамын Қытайдағы адам құқығын қорғаушылардың электрондық поштасын бұзу әрекетімен байланыстырады.

Бұл уақытта Қытай парламентінің басшысы У Банго АҚШ-ты мемлекеттің «басты мүдделерін» сыйлауға және жылы қарым-қатынастарды сақтау үшін «түйткіл мәселелерді өз ретімен басқаруға» шақырды.

Сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Қытайдан Google компаниясына қатысты цензураға түсініктеме беруін сұраған еді.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG