Accessibility links

Ресей Еуропа сотының реформасы туралы хаттаманы бекітпек


Ресей Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотының реформаларына жол ашатын негізгі хаттаманы бекітпек. Мемлекеттік Дума басшысы Борис Грызловтың мәлімдеуінше, жұма күні Ресей парламентінің төменгі палатасы 14-ші Хаттаманы мақұлдау үшін дауыс береді. Биліктегі "Единая Россия" партиясының жетекшісі Грызловтың атап көрсетуінше, бұл партия әлгі құжатты бірауыздан мақұлдап дауыс бермек.

Еуропа кеңесінің мүшелері арасында тек Ресей ғана Страсбургтегі трибуналдың жұмысын тездетуге бағытталған негізгі хаттаманы бекітпеген.
XS
SM
MD
LG