Accessibility links

Лавров Түркия-Армения байланыстарын орнатуға шақырды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркия мен Армения дипломатиялық байланыстарын қаншалықты тезірек орнатса, бүкіл аймаққа соншалықты жақсы болар еді деп мәлімдеді. Бұл туралы Лавров бейсенбі күні Ереванға сапары барысында айтты.

Қазан айында Түркия мен Армения арадағы қарым-қатынастарын қалпына келтіру жөніндегі тарихи хаттамаларға қол қойған болатын. Бұл құжаттарды екі ел парламенті бекітуі тиіс. Алайда Түркия ресмилері Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабах дауына қатысты үдерісте алғабасушылық болмайынша, әлгі құжаттар бекітілмейді деп бірнеше рет қайталап айтқан болатын.

Сәрсенбі күні Ресей премьер-министрі Владимир Путин түркиялық әріптесі Режеп Тайып Ердоғанға Анкара Таулы Қарабах проблемасын Армениямен арадағы қарым-қатынастарымен байланыстырмауы тиіс деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG