Accessibility links

АҚШ Гаитиге 100 млн доллар бөліп, әскерилерін жіберуде


АҚШ зілзаладан зардап шеккен Гаитиге көмек ретінде 100 миллион доллар бөліп отыр. Бұл туралы президент Барак Обама бейсенбі күні жариялады. Оның айтуынша, Вашингтон сондай-ақ сейсенбі күнгі жер сілкінісінен кейінгі қауіпсіздік мәселесінде көмектесу үшін Гаитиге мыңдаған сарбаз жіберуде.

Халықаралық валюта қоры Гаитиге жәрдем беру үшін 100 миллион доллар бөліп отыр.

Халықаралық Қызыл крест ұйымының мәлімдетінше, Гаитидегі зілзаладан құрбан болғандардың саны 50 мыңға жетуі ықтимал және 3 миллион адам немесе жалпы халықтың үштен бірі төтенше көмекке зәру болуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG