Accessibility links

Қырғызстандағы аштық акциясына қатысушылар саны 13-ке жетті


Қырғыз оппозициясының аштық акциясына тағы төрт саясаткер қосылды. Социал-демократиялық партиясының Бішкектегі кеңсесінде өтіп жатқан наразылық акциясын сәрсенбі күні тоғыз кісі бастаған еді.

Наразылық іс-шарасына бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковтың сегіз жылға түрмеге кесілуі түрткі болып отыр. Оған қорғаныс министрлігіне қарасты пәтерді өзінің ұлына берген деген айып тағылды. Алайда Исаков өзіне қарсы қозғалған істің саяси астары бар деп мәлімдеді.

Америкалық Freedom House адам құқығын қорғау ұйымы осы аптада Қырғызстанның адам еркіндігі бойынша рейтингін төмендетті.
XS
SM
MD
LG