Accessibility links

Қазақ түрмесінде 55 мың, Францияда – 15 мың кісі отыр


Жұма күні Астанада Парламент Сенатының пленарлық отырысында сенатор Ғани Қасымов премьер-министрдің атына жолдаған сауалында биыл түрмелерде жазасын өтеп жатқандарға рақымшылық жариялап, ол шараны президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 70-жасқа толуымен байланыстыруды ұсынды.

Сенатор Қасымов өткен жылдың қыркүйегенде Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуына байланысты рақымшылық жариялау туралы үкіметке сауал жолдағанын, алайда оның жауапсыз қалғанын еске салды. Премьер-министрдің өзі бұл бастаманы қолдаған көрінеді.

Ғ.Қасымовтың мәліметі бойынша, 16 миллион халқы бар Қазақстанның түрмелерінде 55 мың адам, ал халқы 60 миллионнан асатын Францияда түрмедлерде 13-15-дай кісі түрмелерде отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG