Accessibility links

Бейжің өткен жылы $90 млрд. инвестиция алды


Қытай үкіметі хабарлағандай, өткен желтоқсан айында елдің экономикасына жұмсалған тікелей шетелдік инвестиция – 2008 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда – 2 еседен артық ұлғайып, 12 млрд. 100 млн. долларды құрады.

Жалпы 2009 жылы Қытай экономикасына бағытталған тікелей инвестиция көлемі 2,3 пайызға қысқарған. Бірақ инвестицияның жалпы көлемі 90 млрд. долларды құраған. Бүкіл дүниежүзілік экономикадағы қалыптасқан күрделі жағдайда бұл көрсеткіш - өте ұтымды деп бағаланып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG