Accessibility links

Қытайдың валюта қоры – 2,4 трлн. доллар


Әлемдегі ең ірі валюта қорының бірі болып саналатын Қытайдың валюта қоры 2009 жылы 23 пайызға немесе 453 млрд. долларға өсіп, жыл соңына қарай шамамен 2,4 трлн. долларға жетті. Бұл мәліметті Қытайдың Орталық банкі жариялады.

Ұлттық валютаның АҚШ долларымен арадағы айырбас бағамын өсірмей ұстау үшін Орталық банктің юаньді көп сатуы айналымдағы ақша көлемінің 28 пайызға күрт ұлғаюына негізгі себеп болды.
XS
SM
MD
LG