Accessibility links

Гаитиде 300 мың адам баспанасыз қалды


Қуатты жер сілкінісінен зардап шегіп отырған Гаити астанасы - Порт-о-Пренс қаласында, соңғы мәлімет бойынша, 300 мыңдай адам баспанасыз қалды. Қаладағы барлық баспана-үйдің 10 пайызға дерлігі түгел қираған.

Оған қоса БҰҰ-ның азық-түлік қоймалары тоналып, аш-жалаңаш халық азық-түлік дүкендерін түгел жайпап өткен.

БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы Гаитидің 2 млн. халқын 1 ай бойы асырауға жететін азық-түлік қорын жинау үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Алайда, Гаитиге ондаған елден келіп жатқан қайырымдылық көмегін жеткізу бірқатар қиындыққа душар болып жатыр. Порт-о-Пренстің әуежайы келіп жатқан көп ұшақты қабылдап үлгере, алмай жатса, ұшақтардың көбі қонудың кезегін тосып әуеде айналып жүруге мәжбүр немесе көрші Доминикан Республикасына қонуға тура келуде.
XS
SM
MD
LG