Accessibility links

Ауған парламенті жаңа сыртқы істер министрін мақұлдады


Ауғанстан парламенті елдің сыртқы істер министрлігіне Залмай Расулдың тағайындалуын мақұлдады. Сенбі күні ауған парламенті президент Хамид Карзай ұсынған кабинет мүшелігінен үміткер 17 кандидатқа дауыс беріп жатыр.

Осы айдың басында парламент Карзай ұсынған 24 кандидаттың 17-сін қабылдамай тастаған. Депутаттар көп үміткерлердің үкімет құрамында жұмыс жасайтындай білімі жоқ деген. Кейбір кандидаттар президенттің қайта сайлануына үлес қосқан саяси үзеңгілестер немесе соғыс қолбасшыларына жақын адамдар болды деп кері қайтарылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG