Accessibility links

Йемен әл-Қаида жетекшілерінің өлімін растады


Йеменнің Ішкі істер министрлігі сенбі күні елдегі әл-Қаида жетекшісі Қассем әл-Римидің өлімін растап, оның тағы бес лейтенанты жұма күнгі әуе соққысы кезінде өлтірілді деді.

Министрліктің таратқан хабарламасында, елдің шығысындағы Саада провинциясында әл-Рими көлігіне соққы берілгенде қаза тапты делінген.

Йемен арабиялық түбекте әл-Қаиданың жаттығуынан өткен нигериялықтың американ ұшағын жармақ болған әрекетінен кейін елдегі әл-Қаида жауынгерлеріне қарсы науқанын бастаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG