Accessibility links

БҰҰ: Гаитидің Леоган қаласындағы ғимараттың 90 пайызы қираған


БҰҰ-ның хабарлауынша, қуатты жерсілкінісі орын алған Гаити астанасы Порто-Пренс қаласының батысындағы Леогон қаласының ғимараттары толығымен қираған.

БҰҰ-ның қайырымдылық істер жөніндегі кеңсесінің өкілі Леогондағы үйлердің 80-90 проценті зақымданған деді. Оның айтуынша, құтқару шаралары жалғасып жатқан бұл қаладағы адам шығыны да көбейіп, 10 мыңға дейін барып отыр.

Бұл тұста Құрама Штаттардың әскерилері зілзаладан зардап шеккен Гаити әуежайына уақытша бақылауды алды. АҚШ әскері бұл елге қайырымдылық көмектерін әкелетін ұшақтардың қонуы мен жерсілкінісінен жараланған шетелдіктердің бұл жерден ұшып кетуін үйлестіріп отырады.

Қайырымдылық көмек көрсетуші елдер тезірек адамдарға көмек берілмесе, Порто-Пренс қаласында заңсыздықтар орын алады деп ескертті. Қызыл крест ұйымы сейсенбі күні орын алған Гаитидегі жерсілкінісінен 50 мыңнан аса адам қаза тапты деді.
XS
SM
MD
LG