Accessibility links

Грузия аймаққа орыс тілінде хабар беретін телеарна ашты


Бүгін Грузия Мәскеудің ықпалын азайту мақсатында Кавказ аймағына орыс тілінде хабарлар тарата бастады. Грузияның қоғамдық теледидар басшысы Гиа Чантуриа Какваздағы бірінші спутниктік телеарна соңғы жаңалықтар мен Грузия, Армения және Әзірбайжанмен қатар Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы оқиғалар туралы ақпараттар береді деді.

Бұл телеарна 2008 жылғы тамызда Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия үшін бес күн соғысқан Ресей мен Грузия арасында қалыптасқан күрделі жағдайдан кейін ашылып отыр.

Чантуриа бұл арна Грузияның үгіт-насихат жүргізу құралы емес екенін нақтылап айтты. Телеарна басшысы “біз аймаққа жетіспей жатқан бейтарап, шынайы хабарлар беруді көздейміз” деді.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG