Accessibility links

Рим папасына оқ атқан Мехмет Али Ағжа түрмеден шығады


1981 жылы Рим папасы Иоан Павел II-ге оқ атқан Мехмет Али Ағжа 30 жылдан кейін дүйсенбі күні түрмеден босатылады.

Хабарларға қарағанда, 52 жастағы Ағжа Анкара маңындағы қатаң тәртіптегі түрмеден шығарылады. Оның денсаулығы жаман емес, ол өзінің қамаудан шыққан соң үйленетінін айтқан. Сондай-ақ Рим папасына қастандық жасамақ болған әрекеті туралы кітап жазбақшы.

1983 жылы Иоанн Павел II түрмеге жабылған Ағжаға барып, ұзақ әңгімеден кейін оны кешіретінін айтқан.
XS
SM
MD
LG