Accessibility links

Украиналықтар президенттік сайлауға қатысуда


Бүгін Украинада президенттік сайлаулар өтуде. Бүкіл ел бойынша 30 мыңнан аса сайлау учаскесі жұмыс істесе, әлемнің 76 елінде 113 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Сайлауға президенттіктен үміткер 18 кандидат тусуде. Олардың арасында қазіргі президент Виктор Ющенко, премьер-министр Юлия Тимошенко және оппозициялық аймақтар партиясының жетекшісі, экс-премьер Виктор Янукович бар және басты бәсеке осы үш кандидаттың арасында өтеді деп күтілуде.

Жексенбі күні кешкісін Украинаның Орталық сайлау комиссиясы дауыс берулердің бастапқы қорытындыларын жариялайды.

Егер кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинамаса, ақпанның 7-де сайлаудың екінші сатысы өтеді.
XS
SM
MD
LG