Accessibility links

Ирақта “химиялық Алиге” тағы бір өлім жазасы берілді


Ирақтың биліктен құлатылған президенті Саддам Хуссейннің туысы – “химиялық Али” атымен танымал Али Хасан әл-Мәжидке кезекті рет өлім жазасы үкімі шығарылды.

Бұл жолы Ирақтың Жоғары трибуналы 1988 жылы күрдтерге қарсы химиялық қару қолданылған деген істі қараған. Сол кезде Халабаджа қаласындағы газ шабуылынан шамамен 5 мың адам өлген. Тергеу қорытындысы ол шабуылға нұсқауды әл-Мәжид берді деп тапты.

Сонымен бірге Халабаджа қаласындағы оқиғаға қатысы бар деген Саддам Хуссейн кезіндегі үкіметтің тағы бірқатар шенеуніктері әртүрлі мерзімде түрме жазасын алды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG