Accessibility links

Иран қажыларын Саудияға жібермеді


Теһран Сауд Арабиядағы мұсылмандардың қасиетті орындарын аралауға ирандықтарға уақытша тыйым салды. Иран билігі “Саудияның шиит ғибадатшыларына қарсы дөрекі діни саясаты аяқталмайынша, ел азаматтары кіші қажылыққа бармайды” деген.

Бұл туралы Францияның AFP ақпарат агенттігі Иранның қажылық істер бойынша қоғамдық байланыстар ұйымының басшысы Абдолла Нассириге сілтеме жасап, хабарлап отыр. Оның айтуынша, осыған дейін бірнеше рет полицияның кедергісіне тап болған ирандықтардың Умра кіші қажылығы тоқтатылған. Нассири Теһранның бұл қадамы саяси емес, діни тұрғыда жасалып отыр деді.

Иран өкілінің сөзіне қарағанда, Мекке мен Медина мешіттерінде мінәжат ететін шиит қажыларының дәстүрі саудиялық сүннит қажыларынан басқаша болып келеді, сол себепті тараптар арасында кикілжіңдер орын алып, ақырында полиция ирандықтарға дөрекілік танытады. Иран бұл қарым-қатынас дұрысталғанын қалайды деді ол.
XS
SM
MD
LG