Accessibility links

Израиль қорғаныс министрі Түркияға барды


Жексенбі күні Түркияға барған Израилдің қорғаныс министрі Эхуд Барак сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглымен келіссөздер өткізді. Эхуд Барак сондай-ақ түркиялық әріптесі қорғаныс министрімен де кездеседі.

Израиль радиосының хабарлауынша, екіжақты келіссөздер Түркияға Израиль қаруын сату жөнінде болып отыр. Бұл екі елдің арасындағы дипломатиялық байланыстардың бұзылуынан кейінгі бірінші ресми сапар болып отыр.

Өткен аптада Анкара Израилдегі елшісін қайтарып алмақ болған. Оған түркиялық елшіні израилдік ресмидің масқаралағаны туралы хабар себеп болған. Кейін Израиль кешірім сұрады.

Түркия мен Израиль соңғы 15 жылда әскери және экономикалық байланыстар орнатқан. Бірақ бір жыл бұрын Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Израилдің Газаға әскери соққысын сынаған соң, екі елдің байланыстары нашарлаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG