Accessibility links

Иран оппозиция жетекшісінің бірін 6 жылға түрмеге жапқан


Ирандағы оппозициялық вебсайттардың жазуынша, билік реформашыл жетекшілердің бірі Мохсен Сафаи Фараханиді алты жылға түрмеге жапты. Фарахани сот үкімімен сенбі күні танысқан. Бірақ оған қандай айыптар тағылғаны туралы айтылмаған.

Ол маусым айындағы президенттік сайлаудан кейінгі наразылық шерулерінде ұсталған. Фарахани Ирандағы үлкен реформашыл партияның жетекшісі болып табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG