Accessibility links

Украинадағы президент сайлауында Янукович пен Тимошенко екінші турға өтті


Украинада президент сайлауының жексенбі күні өткен бірінші турындағы дауыстар саналып жатыр. Қазіргі таңда бюллетендердің үштен бірінен астамы қаралды.

Украинаның орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала нәтиже бойынша, Аймақтар партиясының басшысы Виктор Янукович шамамен 37, ал Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко шамамен 25 пайыз дауыс жинады. Олар сайлаудың 7 ақпандағы екінші турына өтті.

Украина ұлттық банкінің бұрынғы басшысы, кәсіпкер Сергей Тигипко 13 пайыз дауыспен үшінші орында тұр. Ал қазіргі президент Виктор Ющенко 5 пайыздан аз дауысқа ие болды.

Президент сайлауына 18 үміткер қатысты. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың үштен екісі дауыс берді.
XS
SM
MD
LG