Accessibility links

Хорватияда жаңа президентті инаугурациялайды


Загребте бүгін Хорватияның жаңа презиленті Иво Йосиповичті инаугурациялау салтанаты өтеді. Ол президент сайлауының 10 қаңтарда өткізілген екінші турында сайлаушылардың 60 пайыздан астам дауыстарына ие болды.

Иво Йосипович 1991 жылы тәуелсіздік жариялаған республиканың үшінші президенті атанады. Сайлау алдындағы науқанда ол сыбайласқан жемқорлықпен күресуге және Хорватияның 2012 жылы Еуропа Одағына мүше болуына күш салуға уәде берді.

Йосипович бес жылдық екі мерзімде президент қызметін атқарып келген Стип Месичтің орнына келеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG