Accessibility links

Германия мен Израиль министрлері Берлинде кездеседі


Берлинде бүгін Германия және Израиль үкіметтерінің бірлескен мәжілісі өтеді. Кездесуде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Германия канцлері Ангела Меркель Иранның ядролық проблемасын талқылайды деп хабарланды.

Германия, әлемнің басқа да бес держасымен бірге, уран байытуды тоқтатуын Ираннан талап етіп келеді. Израиль және оның батыстағы одақтастары, соның ішінде АҚШ Теһраннан ядролық қару жасайды деп күдіктенеді. Иран мұны жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG