Accessibility links

Жақсыбек Күлекеев жаңа қызметке орналасты


«Қазақстан темір жолының» бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеев «Қазақтың мұнай және газ институты» компаниясының корпорациялық даму жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.

ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында Күлекеев жаңа қызметіне бүгіннен бастап кіріскендігін және өзін осы қызметке тағайындау туралы қаулыға институттың бас директоры Ұзақбай Қарабалин өткен жұмада қол қойғандығын мәлімдеді.

2008 жылы 1 сәуірде Астанада ұсталған Күлекеев сот шешімімен сол жылы күзде «қызмет бабын асыра пайдаланған» деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылды. 2009 жылы қарашада ол түрмеден босап шықты.
XS
SM
MD
LG