Accessibility links

«Талибан» күштері ауған үкіметіне шабуыл жасады


Ауғанстан астанасы Кабулде бірқатар ғимараттарға шабуылдаған содырлар мен үкімет күштері арасында ұрыс жүріп жатыр.

Қаланың орталық ауданында бірнеше жарылыс болды. Хабарларға қарағанда, ұрыстан зардап шеккендер бар. НАТО күштері екі содыр өлтірілді деп хабарлады.

Шабуылдарды жиырмаға жуық содыр ұйымдастырған, олардың арасында жанкешті-терроршылар да бар деп хабарланды. «Талибан» қозғалысы жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Оның өкілі қарулы күштер үкімет ғимараттарын шабуылдады деп мәлімдеді.

Бүгін Ауғанстан астанасында елдің жаңа үкіметі ант қабылдауы тиіс болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG