Accessibility links

Карзай: Шабуылдан кейін Кабул бақылауға алынды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай талибан жауынгерлерінің шабуылынан кейін Кабулдағы жағдай бақылауға алынды деп айтты. Ауған билігі бұл қақтығыстан тоғыз адам қаза тапты, оның төртеуі бүлікшілер деді.

Талибан жасақтары Кабул қаласындағы президенттік сарай мен министрліктер жанында жарылыс жасағанда, тағы 40 шақты адам жарақат алған. Талибан өкілі өздерінің 20 жауынгері мен бір жанкештісі Кабулдағы үкіметтік кеңселерді нысанаға алғанын айтты.

Президент Хамид Карзай мұны террорлық шабуыл деп атап, талибандарды айыптады.

НАТО күштері ауғандық күштерге қолдау танытып, аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысып жатқанын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG