Accessibility links

Рим папасына оқ атқан Мехмет Али Ағжа түрмеден шықты


Бүгін Түркия түрмесінен 1981 жылы Рим папасы Иоан Павел II-ге оқ атып, оны қатты жаралаған Мехмет Али Ағжа босатылды. 52 жастағы Ағжа 29 жылдай түрмеде отырып шықты. Ол 19 жылды Италия түрмесінде өткізсе, қалған жазасын Анкара маңындағы қатаң тәртіптегі абақтыда өтеді.

Сол кезде 23 жаста болған Ағжа Түркияның сұр қасқырлар ұйымымен байланысты болған деп айтылған. 1983 жылы Иоанн Павел II түрмеге жабылған Ағжаға барып, ұзақ әңгімеден кейін оны кешіретінін айтқан. Италиядағы түрмеден кейін Ағжа Түркияға ауыстырылып, түрік журналисінің өліміне байланысты тағы 10 жыл түрмеде отырды.

Оның денсаулығы жаман емес, ол өзінің үйленгісі келетінін айтқан. Сондай-ақ Рим папасына қастандық жасамақ болған әрекеті туралы кітап жазбақшы.
XS
SM
MD
LG