Accessibility links

Түркменстан Ниязовтың биік мүсінін алып тастайды


Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бұрынғы президент Сапармұрад Ниязовтың алып мүсінін алып тастауға нұсқау берді.

Биіктігі 75 метр болатын, алтын жалатылған монументтің жоғары жағы арнайы жасалған механизм арқылы күнге қарап тұрады екен. Ол бұрынғы президент Ниязовқа арналған елдегі көп ескерткіштің бірі.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедев монументті наурыз айында орнынан алып, оны Ашхабадтың оңтүстігіне қою жөнінде қаулы шығарған. Бұл Ниязовтың жеке басына табынушылықты тоқтатып жатқан Бердімұхамедовтың соңғы шараларының бірі болып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG