Accessibility links

Иран желтоқсандағы шеруге қатысқан 5 адамды сотқа тартты


Бүгін Иранда өткен желтоқсан айында үкіметке қарсы шеру өткізген бес адамның соты басталды. Ирандық ақпарат құралдары олардың аты-жөндерін бермей отыр.

Бірақ ИРНА мемлекеттік агенттігі оларды қуғында жүрген оппозициялық “Иранның моджахед адамдары” ұйымының мүшесі деп айтып отыр. Ақпарат өкілдерінің хабарлауынша, оларға исламдық тұрғыда өлім жазасына кесетін "құдайға қарсы шықты" деген айып тағылған.

Бұл желтоқсанның 27-де шиит мұсылмандарының Ашура мерекесінде өткен 8 адамның өліміне әкелген елдегі толқуларға байланысты ұсталғандардың бірінші соты болып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG