Accessibility links

ЕуроОдақ елдері Гаитиге 575 млн. доллар көмек беруге уәде етті


Еуропа Одағының елдері қатты жерсілкінісінен зардап шегіп отырған Гаитиге 400 млн еуро көмек беретінін айтты. Еуропалық комиссия Гаити еліне 330 млн еуро береміз десе, одақ елдері 92 млн еуро жинап беруге келіскен.

Жексенбі күні Гаитиге барған БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун бұл зілзала соңғы жылдардағы ең ірі гуманитарлық дағдарыстың біріне айналды деп мәлімдеді. Дүйсенбі күні кешкісін Пан Ги Мун Қауіпсіздік кеңесінде Гаитидегі жағдайға байланысты жиын өткізеді.

Ресмилердің айтуынша, өткен аптада орын алған жерсілкінісінің құрбандары 200 мыңға жетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG