Accessibility links

Украинадағы президент сайлауында Янукович алда келеді


Украинада президент сайлауының дауыстарын санау аяқталып қалды. Хабарларға қарағанда, бюллетендердің 98 пайызы есептелгеннен кейін шыққан нәтиже бойынша Аймақтар партиясының төрағасы Виктор Янукович 35, ал премьер-министр Юлия Тимошенко 25 пайыз дауысқа ие болды.

Янукович пен Тимошенко сайлаудың 7 ақпанға белгіленген екінші турына өтеді.

Халықаралық бақылаушылар Украинада 17 қаңтардағы президент сайлауы айтарлықтай заң бұзушылықтарсыз және демократиялық ережелерге сай өтті деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG