Accessibility links

Теннисші Евгений Королев Австралия біріншілігінің екінші турына шықты


2010 жылдың басында Қазақстан азаматтығын қабылдаған теннисші Евгений Королев Австралия ашық біріншілігін жеңіспен бастады. Мельбурндегі Үлкен Шлем турнирінде Королев бүгін неміс Даниель Брансты үш сетте – 6:2, 7:5, 7:5 есебімен жеңді. Екінші турда қазақстандық теннисші чех Томаш Бердыхпен кездеседі.

Бұл уақытта қазақстандық Сесиль Каратанчева Австралиядағы турнирді аяқтады. Каратанчева бүгін 1:6, 6:7 есебімен тай теннисшісі Тамарин Танасугарнға жол берді.

Бұған дейін Андрей Голубев американдық Марди Фишті төрт сетте - 6:2, 1:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, екінші турға өткен болатын. 22 жасар теннисші Үлкен Шлем турнирінің келесі кезеңінде хорват Иван Любичичпен кездеседі.

Бүгін Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева Мельбурндегі алғашқы кездесулерін өткізеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG