Accessibility links

Нью-Йоркте терроризмге айыпталушы әйелдің ісі қаралады


Нью-Йорк сотында бүгін Пәкістан азаматшасына қатысты қылмыстық іс қарала бастайды. Афия Сиддикиге американдық арнайы қызмет өкілдерін өлтіруге талпынды және «Әл-Қаидамен» қатысы бар деген айыптар тағылып отыр.

Сиддики 2008 жылы Ауғанстанда ұсталды. Ауған полиция бөлімшесіндегі тергеу кезінде ол күзетшінің винтовкасын тартып алып АҚШ-тың федералдық барлау бюросы қызметкерлеріне қарай оқ атты.

Сиддикиді ұстаған кезде одан терракт ұйымдастыру жазбалары және Нью-Йоркте адам көп шоғырланатын Уолл-стрит, Бруклин көпірі, Азаттық ескерткіші секілді орындардың карталары табылған.

Ауғанстаннан АҚШ-қа жеткізілген Сиддики өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып отыр.

Сиддики – нейробиолог. Ол АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтында оқыған.
XS
SM
MD
LG