Accessibility links

АҚШ штатында маңызды сайлау өтіп жатыр


Американдық Массачусетс штатында бүгін АҚШ сенатындағы бір орынға сайлау өтіп жатыр. Бұл орын өткен жылы тамызда сенатор Эдвард Кеннеди қайтыс болғалы бері бос тұр.

Сенаторлық қызметке Демократиялық партияның атынан штат прокуроры Марта Кокли және заңгер-республикашыл Скотт Браун таласады.

Сарапшылар бұл сайлаудың нәтижесі жалпыұлттық саясатқа елеулі әсер етуі мүмкін деп есептейді. Сайлауда республикалық партияның өкілі жеңіске жеткен жағдайда, демократтар Сенаттағы сан басымдылығынан айрылады – бұл президент Барак Обаманың денсаулық сақтау саласын реформалау жобасының қабылдануына кедергі болуы мүмкін.

Сауалнамалар екі үміткердің жеңіске жету мүмкіндіктері тең екендігін көрсетті.
XS
SM
MD
LG