Accessibility links

Гаити тұрғындарына көмек келгенше тонау мен қақтығыс орын алуда


Зілзаладан зардап шеккен Гаити халқы халықаралық көмек күтіп отырған шақта, ел астанасы Порт-о-Пренс қаласында талап-тонаушылық, талқандау әрекеттері болып жатыр.

Халықаралық қызыл крест комитеті бір апта бұрын орын алған қуатты жерсілкінісінен зардап шеккен гаитиліктердің шарасыздықтан торығуы күшейе түскен соң, елде қақтығыстар мен жаппай тонау болып жатқанын ескертті.

АҚШ әскерилері дүйсенбі күні жапа шегушілерге азық-түлік пен ауыз суды әуеден тастағандарын айтты. Олардың айтуынша, 14,500 дайын тамақ пен 15 литр су Порт-о-Пренс қаласына тасталды.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Қауіпсіздік кеңесінен Гаитидегі 9 мың бітімгершілік күштеріне қосымша 3,500 жасақ жіберуді сұрады.
XS
SM
MD
LG