Accessibility links

Карзай талибандар шабуылынан соң қауіпсіздік жиынын өткізді


Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай дүйсенбі күнгі Кабулдағы талибандардың қанды шабуылдарына қатысты арнайы қауіпсіздік жиынын өткізді. Кездесуден кейін Карзай кеңсесі таратқан мәлімдемеде, Кабулды қорғаған қауіпсіздік күштеріне президент Карзай алғыс білдірген.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен де ауғандық күштерді мадақтап мәлімдеме жасады. Кабулдағы қауіпсіздік күштері талибан шабуылдарынан кейін өте жоғары дайындықта отыр.

Дүйсенбі күні ел астанасының орталығындағы президенттік сарай мен басқа да үкіметтік мекемелерге талибан жасақтары шабуылдар жасап, кемінде 12 адамның өмірін қиды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG