Accessibility links

Мәскеуде заңгер мен журналистің өліміне қатысты шеру өтеді


Ресейдің құқық қорғаушы белсенділері өздерінің бүгін кешкісін Мәскеуде екі жыл бұрын өлтірілген адам құқын қорғау заңгер мен журналисті еске алған шеру өткізетіндіктерін айтты.

Шешенстандағы адам құқының бұзылып жатқаны туралы айтып жүрген заңгер Станислав Маркелов пен оппозициялық Новая газета басылымының журналисі Анастасия Бабурова 2009 жылдың 19-шы қаңтарында оққа ұшқан. Олардың өлімін халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар айыптаған.

Мәскеу билігі алғашқыда бұл шеруді өткізуге рұқсат бермеген, бірақ өткен аптада шешімдерін қайта қарап, шеруге рұқсат берді.
XS
SM
MD
LG