Accessibility links

Назарбаевтың ортаншы қызы Женевада өте бір қымбат вилла сатып алған


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева Женева өзенінің жағалауынан құны 74,7 млн швейцария франкі болатын вилланы 8000 шаршы метр жерімен қоса сатып алған. Бұл туралы Швейцарияның Tribune de Genève басылымына сілтеме жасап, ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

42 жастағы Динара Құлыбаева бұл рекордтық жоғары бағамен сатылған қозғалмайтын мүлікті ресейлік кәсіпкер Рустам Аксененкодан алып отыр. 2007 жылы әлемдегі ең бай адамдарды анықтап отыратын "Форбс" журналы Динара Құлыбаеваның қаржысы шамамен 2,1 млд доллар деп бағалаған.

Бүгінгі таңда президенттің қызы елдегі дарынды жастарға қаржылай қолдау танытатын Назарбаевтың білім қорын басқарып отыр. Оның күйеуі Тимур Құлыбаев Самұрық-Қазына мемлекеттік қоры директорлар кеңесінің төрағасы.
XS
SM
MD
LG