Accessibility links

Қазақстан беларустік мұнай өңдеу зауытына мұнай бере бастайды


Беларусь еліндегі Қазақстан елшісі Анатолий Смирнов осы жылы Қазақстан Беларустің мұнай өңдеу зауыттарына мұнай беруді бастай алады деді.

Бұл туралы сейсенбі күні Минскіде мәлімдеген қазақстандық дипломат, Қазақстан мұнайын беларустік екі мұнай өңдеу зауытына тасымалдауына Кедендік Одақ кең мүмкіндіктер ашып отыр деді. Оның айтуынша, осыған дейін олай жасауға жоғары баға кедергі жасап келген. Енді осы жылы бұл мәселе шешімін табуы керек деді ол.

Елші Смирновтың сөзіне қарағанда, қазақстан мұнайын тасымалдауға қатысты мәселе үкімет басшылары мен президенттер деңгейінде қаралды, тараптар бұл ұсынысты қолдап отыр. Сонымен қатар дипломат Беларусь зауытына мұнай беру көлемін шектейтіндей Қазақстанда мұнай тапшылығы жоқ деп айтқан.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG