Accessibility links

Ресей Украинаға елшісін жіберетін болды


Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Украинаға тағайындалған Ресей елшісінің Киевтегі жұмысын бастауға нұсқау берді.

Ресейдің ақпарат агенттіктері жазып жатқандай, Медведев Украинадағы Ресей елшісі етіп тағайындалған Михаил Зурабов сондай-ақ Украинамен сауда және экономикалық байланыстарды дамыту жөніндегі президенттің арнайы өкілі болады деді.

Бұл хабарлама Мәскеу мен Киев арасындағы дипломатиялық байланыстар тоқтаған бес айдан кейін айтылып отыр. Медведев Зурабовты Украинадағы елшісі етіп 2009 жылы тағайындаған. Бірақ тамыз айында Украина президенті Виктор Ющенконың Ресейге қарсы саясатына наразылық танытып, Зурабовты Киевке жібермей қойған.

Жексенбі күні президенттік сайлауда Ющенко қажетті дауыс жинай алмай, додадан шығып қалды. Украинадағы президенттік сайлауда "Аймақтар партиясының" жетекшісі Виктор Янукович басым дауыс жинады. Ол егер президент болса, соңғы кезде нашарлаған Ресей мен Украина қарым-қатынасын жақсартатынын айтты.
XS
SM
MD
LG