Accessibility links

Теһран ядролық бағдарламаға қатысты ұсыныстарды қабылдамайды


Иран әлемдік державалар ұсынған келісім жобасын мақұлдамайтындығын МАГАТЭ-ге хабарлады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Венадағы кеңсесінде осындай мәлімет таралып отыр.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Филип Кроули Иранның халықаралық ұсыныстардан бас тартуы «орынсыз жауап» деп мәлімдеді.

Өткен жылдың қазанында МАГАТЭ, Иран, АҚШ, Ресей, Франция, Қытай, Ұлыбритания және Германия арасындағы келіссөздер нәтижесінде иранның ядролық бағдарламасы бойынша ұсыныстар дайындалды. Әлемдік державалар Теһранға өз уранының 70 пайызын Ресей мен Францияға отын ретінде өңдеуге жіберу ұсынылды.

Халықаралық қауымдастық Теһран уранды әскери мақсатта пайдалануы мүмкін деп сескенеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG