Accessibility links

Жамбыл облысында жүзден астам автокөлік жолда тұрып қалды


Жамбыл облысында қардың көп түсуіне байланысты 150 автокөлік жолда тұрып қалды деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Хабарларға қарағанда, «Қордай» өткелінде сейсенбі күні түсте екі жеңіл автокөлік қар астында қалған. Жүзден астам автокөлік Алға және Отар елді-мекендерінің маңында шоғырланып қалды деп хабарланды. Жолаушыларды тамақтандыру және жылыту жұмыстары ұйымдастырылды. Жол тазартылып жатыр.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік жолдары жабылғандығын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG