Accessibility links

АҚШ-та республикашыл Скотт Браун сенатқа сайланды


АҚШ-тың республикашыл партияның өкілі Скотт Браун Массачусетс штатының атынан сенатор болып өтті. Сайлауда ол демократияшыл Марта Коуклиді жеңді.

Сайлаушылардың 52 пайыз дауысына ие болған Браун республикашыл партияның сенаттағы өкілдері санын 41-ге жеткізді. Осылайша олар демократияшыл партияның заң жобаларын қабылдамай тастау мүмкіндігіне ие болды. Осы жағдайдан соң сарапшылар президент Барак Обаманың денсаулық сақтау жүйесін реформалау жобасы республикашыл партия тарапынан кедергілерге тап болуы мүмкін деп отыр.
XS
SM
MD
LG