Accessibility links

ІІМ: журналист Шүлембаевтың өлімі оның кәсіби қызметіне қатысты емес


Тергеу тобының «Стан.тв» тілшісі Саят Шүлембаевтың өліміне қатысты іс бойынша болжамдарының ешқайсысы журналистің кәсіби қызметіне байланысты емес деп хабарлады ІІМ-нің ресми өкілі.

Сәрсенбі күні Астанада брифинг өткізген Қуанышбек Жұманов Алматы қаласының ішкі істер департаментінде Шүлембаевтың ісі бойынша арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылғандығын атап көрсетті.

Ақпараттық бейнепортал тілшісі Шүлембаевтың өлі денесі 26 желтоқсан күні Алматыдағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде табылды. Алматы полициясы кісі өлімі мәліметі бойынша қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG