Accessibility links

Болгария сыртқы істер министрі қызметінен кетті


Болгария үкіметі сыртқы істер министрі Румяна Желеваның қызметінен кету жөніндегі арызын қабылдады. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Цветан Цветанов теледидардан сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Оның алдында гуманитарлық көмек бойынша Еуропа комиссары лауазымына ұсынылған Желеваның кандидатурасы жоққа шығарылған болатын. Болгария бұл қызметке Дүниежүзілік банктің жоғары лауазымды қызметкерінің кандидатурасын ұсынды.

Еуропа заңшығарушыларының айтуынша, қаңтардың 26-на жоспарланған жаңа комиссия жөніндегі дауыс берулер кейінге қалдырылуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG