Accessibility links

Голландия депутаты исламға қарсы мәлімдемесі үшін сотқа тартылуда


Голландия парламентінің мүшесі Геерт Уилдерс мұсылмандарға қарсы жеккөрушілік туғызды деген айып бойынша сотқа тартылып отыр. Сәрсенбі күні Амстердам соты Бостандық партиясының жетекшісі Геерт Уилдерстің ісін қарауын бастады. Оның алдында сот Уилдерс сөз бостандығы құқымен қорғалған деген қоғамдық прокурорды жоққа шығарды.

Уилдерс 2008 жылы түсірген "Фитна" фильміне байланысты айыпталып отыр. Шамамен 15 минуттық бұл фильмде Құран зорлық-зомбылықты туғызады делінген. Уилдерс сондай-ақ исламды фашизммен салыстырған.
XS
SM
MD
LG