Accessibility links

Ирақтағы шабуылдан 25 адам жараланды


Ирақ полициясының хабарлауынша, бүгін елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында бір жанкешті кісі әскери бекет жанында өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 25 адамды жаралаған. Жарақат алғандардың арасында сарбаздар мен полиция қызметкерлері және қарапайым адамдар бар.

АҚШ пен Ирақ ресмилерінің айтуынша, наурыздың 7-не белгіленген парламент сайлауының алдында елде шабуылдар көбеюі мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG