Accessibility links

Бейжің: 2009 жылы Қытай экономикасы 8,7 пайызға өсті


Қытай үкіметінің мәлімдеуінше, 2009 жылы Қытай экономикасы 8,7 пайызға өскен.
Мұндай қарқынмен Қытай Жапонияны басып озып, әлем бойынша экономикасы ауқымды Америкадан кейінгі екінші орынға ие болуы мүмкін.

Қытай ұлттық бюросының статистикалық мәліметтеріне қарағанда, жалпы ішкі өнімнің соңғы тоқсанда 10,7 пайызға жеткен. Бұл әлемдік дағдарыс кезеңінде экономиканы ынталандыруда үкіметтің қолға алған шараларының тиімділігін байқатады.

Қытайдың жаңа көрсеткіштерінде сондай-ақ инфляцияның өскені де айтылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG