Accessibility links

Ричард Хоугланд: Қазақстандық БАҚ-тарға плюрализм жетіспейді


Қазақстандағы АҚШ елшісі Ричард Хоугланд, қазақстандық БАҚ-тарда, оның ішінде әсіресе радио мен телеарналарда сөз еркіндігінің жетіспейтінін атап өтті. .

«Кей жерлерде журналистер кәсіби тіпті денеге жарақат алу қаупімен кездеседі, және БАҚ-тарда оның ішінде радио мен телеарналарда плюрализм жетіспейді», - деп Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі Р. Хоугландтың сөзін келтіріп отыр.

Одан өзге дипломат, «транспаренттік қамтамасыз етілмеген және де халықтың еркін көрсетпеген сайлауға» алаңдаушылық білдірді.
Осыған байланысты елші, ЕҚЫҰ төраға болып отырған Қазақстан адами құндылықтарға аса назар аудару керек деп атап өтті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG