Accessibility links

Р. Есергеповаға қатысты сот отырысы жұма күнге қалдырылды


Қаңтардың 21-і күні Алматы қалалық Әкімшілік соты Раушан Есергепованың үстінен қозғалған әкімшілік істі қарауы тиіс болатын. Алайда әкімшілік жауапқа тартылушының айтуынша, сот отырысы сотта кешке дейін жиналыс болуына байланысты қаңтардың 22-сіне қалдырылған.

Естеріңізде болса, «Алма ата-ИНФО» газетінің бас редакторы Рамазан Есергепованың зайыбы Раушан Есергепова қоғамдық-саяси ұйым өкілдерімен бірге Алматының Арбат алаңында қаңтардың 6-сы күні түрмеде отырған журналистерді қорғап, флеш-моб өткізген болатын.

Осыған дейін аталмыш шараға қатысқаны үшін тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловқа рұқсат етілмеген акция өткізді деген айыппен 5 айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG